Кен іздеуге рұқсат бар
2018 жылғы 29 маусымнан бастап «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енді, осыған сәйкес, жер қойнауын пайдаланудың жаңа түрі – кен іздеу енгізілді.
Кодекс бойынша қол тәсілімен немесе механизациялық құралдарды қолдана отырып немесе өзге де төменгі қуатты жабдықтарды тұтыну арқылы шашыранды кен орындары мен техногендік сипаттағы кен орындарында асыл тастар мен бағалы металдарды (үйінділер және тау өндірісі мен металлургия қалдықтарының жинағы) өндіруге, бұрғылау және өзге де жер асты жұмыстарын, кен іздеушілік учаскесі аумағындағы жер бетінің ең төменгі нүктесінен 3 метрден аспайтын тереңдікте кен іздеу операциясын жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалану лицензиясы иегерінің ерекше құқығы бар.
Қостанай облысы аумағындағы ЖК ретінде тіркелген және қажетті құжаттар тізбесін ұсынған тілек білдірушілерге лицензияны Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы беретін болады.
Кен іздеуге арналған лицензия 3 жыл мерзімге беріледі. Көрсетілген мерзімді иегердің өтініші бойынша бір рет 3 жылға ұзартуға болады. Лицензияға тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана ие бола алады.
Сондай-ақ, әр кен іздеушіге күнтізбелік жыл ішінде елу келіден артық алтын өндіруге жол берілмейді.
Егер адамның лицензиясы болса, Жер кодексіне сәйкес, заңнамада қарастырылған тәртіпте дереу арада жер учаскесін беру негізді болып саналады.
Өзіміздің сайтымызда Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 302 қаулысымен белгіленген Қостанай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды жарияладық. Бұларды Қостанай облысының Денисов ауданында шашыранды алтынды өндіруге пайдалану үшін алуға болады. Бұл –жалпы аумағы 9,5 гектар боалтын 4 учаске. Біз өтінімдерді қабылдауға дайынбыз.
Толығырақ ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласыңыз: 54-33-70.
Қ.Р. Өмірбаев,
Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғит пайдалануды
реттеу басқармасының жер қойнауын
пайдалану бөлімінің басшысы