Қыс айшықтары

IMG_98751Азынаған қыс мынау,
Суығын сездім ызғардың.
Шөптер таққан ақ қырау,
Сырғасындай қыздардың.
 
Ақ патсайы көрпелер,
Жамылғысы жерімнің.
Әдемі, жылтыр сүңгілер,
Шолпысындай келіннің.
 
Экватордан әріге,
Жылыстайды күн ұзап.
Жылтылдайды мұз міне,
Сырғып тұрған бір сынап.
 
Қалың, үлкен ақ тұман,
Үйге тұтқан пердедей.
Жасырынбақ ойнаған,
Күн тасалап көрінбей.
 
Джаз ба, рок па азынап,
Саз ойналар түнімен.
Тыңдайды ұйып атырап,
Қараңғыда мүлгіген.
                             Елемес Серікбаев.
Рудный қаласы
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓