Жетім бақ

Сен кеткенсің.
Дендеген дертім қалған,
Еліктей қыз, қайдасың еркімді алған?
Мен тұрған маң мұңыма масаңданып,
Салтанатын табатын сен тұрған маң.
Жеңілтек жел басылмас желігі ептеп,
Жаныңды жүруші еді төңіректеп.
Сағасынан үзілген жапырақ та,
Аяғыңа құлайтын еңіреп кеп.
Сығып алып көз жасын сыралғы бақ,
Біз жоқпыз ғой…
Булығып тұрар жылап.
Барар едім… бетім жоқ,
Сыртта жүрем
Жалғыздықты жаныма сыңар ғып ап.
Біз сондаймыз,
Сезімге сараң жанбыз,
Мен де кетем,
Жетім бақ қалар жалғыз.
Жолыңды қарамауға серт еткенмін,
Жанымды жаралауға жаралған қыз.
Естимісің?!
                 Наурызбек  Саршаев.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓