Өліп тірілген адам

Сенімді тұлға арқылы бұл үйге келгіш бір адам анықталады. Ол оның көршісі, пысық мінезді, жақын мектепте еңбек пәнінен сабақ беретін Коробко Николай Павлович /аты, жөні өзгер-тілген/ деген кісі болып шығыпты. Ол Рвановичке үйінің есік-көсігін, жиһазын жөндеу сияқты көмегін тигізіп тұрады екен. Әйелі Надежда, мектеп жасындағы екі қызы бар бұл кісі бір қарағанға онша күдік  туғызбай, оның сенімді көршісі болып кеткен екен. Бірақ та, Павел Васильевич бұл кісінің сөз байлығы аздау екенін және сөз арасында жаргон сөздерді ара-тұра қолданып қоятынын аңға-рып, оның туған жеріне сауал жолдайды. Жауапта Коробко туғаннан керең-мыл-қау, кісімен тек сурдоаудармашы арқылы ғана сөйлесе алады және де ол 1953 жылы Қиыр Шығыстан келе жатқанда пойызда жеке құжаттарын ұрлатып алған деген жауап келеді.
даценко Павел ВасСонымен, тексеруші, Коробко басқа біреудің атын жамылып жүрген кісі деген тұжырымға келеді.
Басқа да ақпараттарға сүйене отырып, Даценко еңбекпен түзеу мекемесіне сауал жолдап, Коробконың фотосын оперативтік тануға ұсынуды сұрайды. Осындай оперативтік жұмыстардың арқасында тергелуші кісіміздің аты-жөні Бондарь Александр Эдуардович, 1941 жылы туған, жасанды құжат және бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін талай сотталған, соңғы рет Бар-наул қаласындағы еңбекпен түзеу мекемесінен қашып шыққаны және ол іздестіруде екені туралы хабарлапты. Тиісті органдарға сауалдар жолдаудың арқасында Бондарьдың әкесі Эдуард, 1941 жылы Мәскеуден Новороссийск қаласына немістер бұл қаланы басып алған жағдайда, басқыншыларға қарсы жұмыс ұйымдастыру үшін жіберілген чекист екен. Сол жылдың маусым айының 22-23 ке-зінде  Тихорецкая стансасының маңайында Шығысқа көшірілген тұрғындар тиелген эшелонға неміс ұшақтары шабуыл жасайды. Ата-анасы, ағасы мен апасынан айрылған он бір жастағы Сашаны  кейін, елдің тылына шегініп бара жатқан босқындар ертіп ала кетеді. Сөйтіп ол, стансадан стансаға, қаладан қалаға, беті ауған жаққа  жүре беруге мәжбүр болады.
Саша жас кезінен-ақ  сурет салуға құштар болыпты, қарындашпен, кейіннен қыл қаламмен көз тартатын суреттер салу, салынған суретті түзету, өңдеу сияқты жұмыстармен айналысыпты. Ол тіпті жасанды құжат бланкілерін, мөрлерді  қолдан істеп шығара беретін болған. Бірақ, оның басты кәсібі қалтаман, қалтаға түскіш, ақыр аяғы түрмеге әкеліп тоқталады. Жазасын өтеп жүріп лагерьде ол орта мектепті тәмамдайды. Сәті түскен бір күндері  ол бұл орыннан қашып шығады. Жоғары көз қаперінің арқасында Хабаровск-Мәскеу пойызында бір жолаушының қалтасынан құжаттарын ұрлап алған ол, төлқұжаттағы суретке басылған мөр табанын түзетіп, Коробко болып шыға келеді. Содан кейін ол екі балалы әйелге үйленіп, Қостанай қаласындағы бір орта мектепте еңбек пәнінен сабақ беріп жатады. Сашаның туған туыстары хабар ошарсыз кетеді, тек әкесі 1942 жылы Новороссийск қаласында неміс жансызының сатқындығынан ұсталып, немістер чекист ретінде оны атып  тастайды. Бұл оның қиын тағдыры еді.
Рвановичті тексеру үшін бір мәрте Бондарьдың көмегіне жүгіну туралы шешім қабылданады.
1955 жылдың шілде айында Павел Васильевич батыл бір іс-әрекетке барады. Ол Бондарьды кеңсеге шақыртып алып, оны әшкерлейтін фактілерді келтіріп, ашық әңгімелеседі. Әкесінің жақсы чекист болып, Отан үшін жанын қиғаны туралы да айтылады.
Манадан бері тістене сөйлеп отырған кісінің, бір сәтте бетінің реңі, дауысы өзгеріп:
– Сіз мен туралы бәрін білесіз бе? – деп басқаша сөйлесе бастайды.
– Иә, Александр Эдуардович, сенің бүлінген тағдырыңды жақсы білеміз. Ал, қазір саған келіп отырған шаруам басқа. Сен өзіңмен араласып жүрген Рвановичтің кім екенін анықтауға біздің органға көмектес, әрине, бұл туралы үшінші адам білуге тиіс емес, – деп ескертеді Даценко.
Бондарь әбігерленіп:
– Мені тұтқындап, қайта сол лагеріме жібермейсіңдер ме? –деп сұрайды.
– Жоқ, Александр Эдуардович, біріншіден, сен біздің тапсырмамызды орында, ал қалғанын біз реттейміз, – дейді.
Сонымен, әке-шешеден жастайынан айрылып, ұр-лықпен, алаяқтықпен айналысып күн көрген бейбақ, өмірінде бірінші рет өзіне деген адамгершілікті сезінеді.
Берілген тапсырмаларды ол мүлтіксіз орындап тұрады. Бондарьдің көмегімен Рвановичтің сақтап отырған фотосуретінің екінші жартысы суретке түсіріліп алынады. Орталық бұл суретті  Рвановичтің Кубадағы ағасында сақтаулы фотоның екінші жартысы екенін растайды. Сонымен, біз ЦРУ-дың әдейі дайындығын өтіп, кез келген уақытта, соның тапсырмасын орындауға дайын отырған агентін анықтадық. Ол қылмыстық жауапқа тартылып, тиісті жазасын алды.
Ал, сенімді тұлғамыз Қостанай облыстық МҚК бас-қармасының бастығы полковник И.И. Петровичтің көмегінің арқасында өзінің шынайы атына төлқұжат алыпты. Бастапқыда ол әкесінің қайтыс болған қаласы Новороссийскіге қоныс аударады, соңынан Мәскеу қаласына келіп, онда көр-кемөнер училищесіне түсіп, оны жемісті аяқтап, соңынан білімін әрі қарай жалғастырады.
 Өмірде осындай тамаша адаммен кездесіп, соның арқасында тағдырының күрт өзгергеніне  риза Бондарь, Павел Васильевичті туған күнімен, мейрамдармен телефон арқылы құттықтап, амандығын біліп тұратын көрінеді. Қарт чекистің үйінің төрінде ілулі тұрған майлы бояумен салынған көзтартар сурет осы Бондарьдың қылқаламынан шыққан еңбек екен.
Ал Павел Васильевич болса, Бондарь Александр Эдуардовичтің дұрыс жолға түсіп, адам болып кетуіне менің де үлесім бар, – деп өткенді ризашылық сезіммен есіне алады.
Бұл қарт чекистің ұзақ әңгімелерінің тек бір-екі эпизоды ғана.
 Соғыс жылдары "Харьков" дивизиясы құрамындағы кіші командир Даценко көптеген елді мекендерімізді айтпағанда, Румыния, Венгрия Чехословакия, Австрия жерлерін жаудан құтқаруда талай ерліктер көрсетті, екі рет ауыр жарақаттанып контузия да алды.
 ҰОС және соғыстан кейінгі мемлекет қауіп-сіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі үшін ол біраз мақтау парақтарын айтпағанда, екінші дәрежелі "Отан соғысы" ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2013 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
 Тоқсан жастағы қарияның ой тұжырымы жақсы, денесі ширақ,оны мектеп оқушылары арасынан, басқа да жиындардан жиі көруге болады.
Қостанай қаласы. 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓