“Қазақстанның болашағы – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ!”

1526867_428782933941825_3281406621228028268_n"Нұр Отан" партиясы ҚОФ жанынан "Мирас" қоғамдық кеңесі құрылған еді. Кеңестің мүшелері Елбасы Жолдауы туралы пікір алмасып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған іс шараларды талқылады.
Аталмыш іс-шараға облыстық этномәдени орталықтарының, мәдениет басқармасының, тілдерді дамыту басқармасының және ҮЕҰ-дың өкілдері қатысты. Олар  мемлекеттік тілді оқыту және ел бірлігін нығайту туралы өз ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы 20 жылдығына арналған іс шаралармен танысты. Осынау мәселелерге байланысты қатысушылардың пікірлері былайша өрілген болатын.
Әлия САПАРОВА,
"Нұр Отан" партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:
– "Мирас" қоғамдық кеңесі –мәдениет, өнер және білім салалары өкілдерінің басын біріктіретін алаң. Оның негізгі мақсаты қазақтың төл мәдениетін насихаттау. Мұндай кеңес партияның орталық аппаратының бастамасымен биылғы жылы еліміздің әр аймағында құрылды.
Эргашвой ХОЛМЕТОВ,
тәжік этномәдени бірлес-тігінің жетекшісі:
– Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілдері бір атаның баласындай өмір сүруде. Ынтымақ пен татулық біздің басты байлығымыз. Елдегі тыныштық, бірлік Елбасының сындарлы саясатының жемісі дер едім. Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Алдағы жылы Ассамблея-ның жиырма жылдығын атап өтеміз. Соған орай партиямен бірлесе этнос өкілдерінің арасында мемлекеттік тілде ән байқауын ұйымдастырсақ жақсы болар еді.   
Қазымбек АХМЕТОВ,
облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
– Өңірде мемлекеттік тілді оқытуға арналған 18 орталық бар, яғни, республикада үшінші орындамыз. Онда 12 748 адам қазақ тілін үйренуде. Облыста мемлекеттік тіл саясатын дамытуға мол қаражат бөлінген және тиісті жұмыстар жасалып жатыр.  Мемлекеттік тілді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Алғаш рет біздің облыста "Жастар десанты" жобасы қолға алынды. Жоба аясында қазақ тілін меңгерген орыс тілді жастар өздерінің қатарластарымен кездесіп, мемлекеттік тілді үйренуге шақырады. Кейінгі уақытта өзге этнос жастарының қазақшаны үйренуге ден қойғанын байқаймыз. Ол дұрыс бастама. Себебі Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. 
Тимур ШҮКЕНОВ,
облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы:
– Қостанай облысына республикалық ақпараттық-насихат тобы келіп, Елбасының "Нұрлы Жол" Жолдауын халыққа түсіндірген еді. Аталмыш топтың құрамында мен де болдым. Жұмыс барысында жастар, студенттер және кәсіпорындардың жұмысшыларымен дидарлас-тық. Аудан, қала тұрғындары өздерінің мәселелерімен бөлісті. Сондағы байқағаным, азаматтардың дені жол мәселесіне алаңдаулы.  
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓