«Дін – ғылымның анасы»
Мұхтасиб Әлмұхамед молла атындағы Арқалық қалалық мешітінде осындай атаумен жас ұрпаққа имандылық тәрбиесін беру, Мұхаммед пайғамбардың хадистері мен сүннет қағидаларын насихаттау мақсатында жоғары сынып оқушыларына тәрбиелік дәріс өткізілді.
Дәрісте ел ағалары қалалық мешіттің бас имамы Б. Торғайбайұлы мен ҚР – ның Мәдениет қайраткері Ж. Өмірбекұлы отанды сүю, ата – ананы құрметтеу сынды адами құндылықтардың маңыздылығына тоқталып, оқушылар ислам діні және қазіргі қоғамдағы өзгерістер жөнінде сұрақтар қойды.
– Діни дәрістің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың діни сауатын ашу. Жастарды адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу. Осы орайда бүгінгі дәрісімізге атсалықсқан А. Құнанбаев атындағы № 6 мектептің оқушылары мен ұстаздарына алғысымызды білдіреміз, – дейді шараны ұйымдастыруға мұрындық болған қалалық мәдениет сарайының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Жандос Ерғазыұлы.
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы.