Институт ректоры академик атанды

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор С.Қуанышбаев Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының толық мүшесі болып сайланды.
СОл 50-ден астам ғылыми жұмыстың авторы. Біліктілікті жетілдіру және тәжірибе алмасу (Бразилия. Рио-де-Жанейро қаласы. "Бразилия тәжірибесі жоғарғы менеджмент мектебі"), «Жоғары білім беру орындарында корпоративтік басқарудың ең үздік тәжірибесі» (Назарбаев Университеті), «Жоғары білім көшбасшылық, менеджмент және қаржы» семинары (АҚШ, Пенсильвания) сертификаттарын иеленіп, жоғары білім беру университеті (Беркли қаласы. Калифорния университеті) курсын аяқтаған.
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

You may also like...

1 Response

  1. Нурлыбек Елкей айтты:

    Барекелді ага! Жетістігіңіз кұтты болсын! Қуаныштымын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓