Турнирдің де айтары бар

кукык сабакAM00582Қостанай қаласындағы М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінде "Нөлдік шыдамдылық" қағидасының аясында информатика пәнінің мұғалімі Гүлбаршын  Жаппасбаеваның ұйымдастыруымен "Құқықтық турнир" болып өтті. Мектеп директорының орынбасары  Жанаргүл Ещанованың айтуынша, жалпы осы іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқық туралы түсініктерін қалыптастыру, құқықтық білімдерін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін,  адамгершілік қасиеттерін дамыту, заңды құрметтеуге, қоғамдық ережелерді орындауға тәрбиелеу. Турнирге мектеп инспекторы, 5-7 сынып оқушылары қатысты.
– Оқушылар  әр сейсенбі күні өткізілетін құқық сабақтарында алған білімдерін сайыс барысында көрсете білуі қажет. Құқықтық сауаттылықтарын арттыру, заң қағидаларын білуге үйретуге осындай іс-шаралардың берер тағылымы мол, – деді мектеп инспекторы Әсем Бейсенова.
Турнир барысында әр сыныптың "Ақиқат", "Азамат", "Әділет" топтары құқықтық білім бойынша сайысқа түсті.  Атап айтқанда,  бірінші бөлімінде әр топ өз ұрандарын, төсбелгілерін қорғаса, екінші бөлімінде құқық тақырыбында  қойылған сұрақтарға жауап берді. Үшінші бөлімінде әр топқа "Бала құқығы туралы Конвенция", "Баланың денсаулығын сақтау", "Кәмелетке толмағандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту" тақырыбы берілді. Команда мүшелері өз тақырыптары бойынша постер құрастырып, қорғады. Ал, көрермен болған оқушылар  да сайыстан тыс қалмай "Ой жалғау" (мақалдың жалғасын табу) ойынына қатысып, құқық, тәртіп, адамгершілік тақырыбындағы мақал-мәтелдерді  жарыса айтты. Сол секілді сайыста әр топтың мүшелері "Дұрысын тап" тақырыбындағы семантикалық картаны толтырып, "Адасқан әріптерді орналастыр" ойынында өздерінің білімдерін, шеберліктерін жан-жақты  көрсетті.   Турнир қорытындысында "Ақиқат" тобы жеңіске жетті. Олар мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Гүлназым
    САҒИТОВА
Суретте: жеңімпаздар.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓