Красный Кордондағы шаттық оты

Алтынсарин  ауданындағы  Красный Кордон  ауылының тұрғындары үшін қуанышты жағдай орын алып, оларға бүгінгі күн шаттық отын сыйлады. 
10306739_1390056664633044_5743364007865949073_nКрасный Кордон ауылында жаңадан іске қосылған газ құбырының тетігі басылып,  ауылдағы  үйлерге табиғи газ жіберілді. Ауыл тұрғындарының қуанышымен  бөлісуге  келген   Алтынсарин ауданының әкімі  Батырбек Ахметов «көгілдір отын» алауын жақты. Сонымен қатар, аудан басшысы өз сөзінде: «….бірер жыл бұрын «көгілдір отын» тек  аудан орталықтары мен үлкен селоларға  жеткізілген еді. Ол кезде 10-15 шақты үйі бар шағын, шалғайдағы елді мекендер шынымен-ақ газды армандап келген болатын. Ал, бүгінгі күні ол мәселе де өз шешімін тауып отыр» деп  жүрекжарды лебізін білдірді,- деп  хабарлайды  сол өңірде   іс-сапармен жүрген тілшіміз Нұрболат  Мешітбаев.
2014 жылдың  мамыр айында  Красный Кордон ауылында  коммуналдық нысандар мен кәсіпорындар үшін  төмен қысымды газ жіберу желілерін орнату үшін  жоғары қысымды газ құбыры жобасы басталған болатын.  Ұзындығы  – 18,6 километр құбырдың  жобасы 204 млн.теңгені құраған еді.
Бұл жөніндегі толық ақпаратты газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
 
Ақнұр Мұсабаева

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓