Ыстық су құбыры жарылды
Қостанайдың орталығында ыстық су құбыры жарылды. Қыс ішінде атқылаған ыстық субұрқақ қаланың тұрғындар көп шоғырланған ауданында жұртшылықты әбігерге салды. Қайнаған су Таран көшесін бойлай аққан. Алаңсыз жүрген жұрт жаппай күйіп, жан тәсілім етуге шақ қалды. Жазда ғана ауыстырылған құбыр қыс аяқталмай жатып сыр берді. Апат салдарынан қақаған қыста тұтас бір шаһардың орталығы 6 сағат бойы ыстық сусыз, жылусыз қалды. Коммуналдық сала мамандарының қажырлы еңбектерінің арқасында жөндеу жұмыстары түнгі сағат онда аяқталып, тұрғын үйлерге ыстық су мен жылу берілді.
Мешіт Ғазиз
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай