Ел тірегі – білімді ұрпақ

IMG_9849цвӘрбір адам баласы жас күнінен зор жетістікке жетуді армандап, көбі бұл арманының орындалуын алдына мақсат етіп қояды. Жас өскіннің белгілі бір қабілеттерін айналасы да байқай бастайды. Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет бала өскен сайын бірте-бірте жоғала бастайды. "Бұлақ көрсең, көзін аш" деп бекер айтылмаған, көкөрімдерді ерте бастан көтермелеп, демеп отырған абзал. Ал қабілеті қолдау таппаған баланың мінезі өзгеріп, тұйықталып кетуі де мүмкін.
Мектепте білім мазмұнын жақсартудың алғы шарттарының бірі – дарынды балаларды анықтай білу, оларды тәрбиелеп-жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік туғызу. Сондықтан мұғалімдердің алдында тұрған жаңа міндет: балалардың жеке қабілеттілігін, дарындылығын, бейімділігін анықтау және оны дамытуды қолға алу. Сол арқылы балалардың болашағына бағыт беру, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіру.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарынды тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу оңай іс емес. Алайда, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Дарындылыққа қатысты педагогикалық энциклопедияда: "Дарындылық – белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі" деп нақты анықтама берілген. Сондықтан да, біз баланың дарындылығын өз қатарымен салыстырғанда, ерекше қабілетінің байқалатынын айта аламыз. Дарынды бала зеректігімен, бойындағы шығармашылық қабілетімен, өз ойын еркін жеткізе білуімен, есте сақтау қабілетінің жоғарылығымен ерекшелінеді.
Осындай оқушылар сыныбымызда аз емес. Мен Айдана Ғарыпжан, Томирис Тәңірбергенова, Гүлнұр Нурпейісова, Нұртөре Қыдырбек, Мадияр Жақсылық, Әмір Әміреновтармен мақтанамын. Олар жақында өтетін "Менің  мақтанышым" атты  республикалық байқауға қатысады.  Томирис Тәңірбергенова, Гүлнұр Нурпейісова, Мадияр Жақсылық, Әмір Әміренов "Ақ-бөкен – қазақ даласының  мақтанышы" атты республикалық  сурет  байқауына қатысты. Жоғарыда  айтылған оқушыларым және Мәдина Әбіш, Сабина, Жансая Анайбаева, Айша Шалабаева, Мариям Абдіғазы, Аружан Қалибекова, Алтынбек Баянов, Даниял Арстамбектер  интеллектуалды олимпиадалар  мен байқауларға  қатысып, жүлделі 1,2,3 орындарға  ие  болды. Дәурен Серікқазиев ғылыми-зерттеу жұмысынан бірінші орынды иеленді. Ақпан  айында  өтетін  аймақтық  ғылыми-зерттеу жұмысына Нұртөре мен Томиристі дайындап  отырмыз. Олар да үмітімізді  ақтайды деген сенімдемін.
Бүгінгі таңда ынтымағы жарасқан, әлемге үлгі бола алатын елде білім алып жатқан, өнегелі тәрбиемен сусындап өскен жас ұрпақ еліміздің ертеңгі тірегі, мақтанышы болады деп сенемін.
Гауһар ОРЫНБАЕВА,
Қостанай қалалық №9 орта мектептің бастауыш сынып  мұғалімі.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓