13 млн.теңге пара алған қала әкімінің орынбасары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері 1 тамыз күні Қостанай әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиевті «Сыл» ЖШС директоры Гагик Овнаняннан 13 млн. теңге көлемінде ақша алып жатқан кезінде ұстаған.
Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, Мақсұт Қалиев әуежай аймағында автоХҚО салуды «Сыл» ЖШС-нің пайдасына шешпек болған.