Қос бұлақтай қос кітап

IMG_1050Оқырманға жақсы жаңалық!
"Қостанай таңының" кітапханасы" сериясымен газеттің Бас редакторы Жанұзақ Аязбековтың "Ағайынның арасы…" және былтырғы жылы өткен жыр мүшәйра жеңімпаздарының туындылары құрастырылған "Азаттықты, бірлікті арман еткен" ұжымдық жинағы жарық көрді. Бұған дейін дәлірек айтсақ, 2013 жылы аталған сериямен белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, бас редактордың орынбасары Сәлім Меңдібаевтың "Тұмарымыз – Түркістан", "Біздің елдің жігіттері", "Армысың, Алтын таң" жинақтары басылып шыққан-ды. Тағы бір айтарлығы, осы кітаптары арқылы қаламгер биыл облыстық меценаттар клубы тағайындаған "Қазына" сыйлығының лауреаты атанды.
Енді жарық көрген кітаптарға аз-кем шолу жасап, алдымен "Ағайынның арасы" жинағына кезек берейік. Автордың бұл еңбегі "Қостанай таңы" газетінде "Бас редактор әлемі" айдарымен үзбей жарияланып келген мақалалар топтамасынан құралған. Мұнда ол бүгінгі қоғам тынысын, уақыт бедерін, дәуір көрінісін тап басады. Модернистік көзқарастағы қаламгер әр мақаласында өзекті мәселені қозғай отырып, қытымыр қоғамды сынай түседі. Бұл IMG_1047топтамалардың ішінде әдеби сын да қылаң береді. Адам бойындағы асыл қасиеттердің мұншалықты эрозияға түсіп   жатқандығы, мәңгүрттеніп бара жатқан адами сананың бүгінгі болмысы сөз болады.
Ал, екінші жинақтың форматы мүлде басқа. Мұнда Би-ағаң – Бейімбет Майлиннің 120 жылдығына орай ұйымдастырылған жыр мүшәйраның жеңімпаздарының өлеңдері берілген.
Алғысөзінде "…Мұндағы мақсат – Би-ағаң мұрасына бүгінгі күн көзқарасымен қарау және шайырларымыздың басын қосып, ұрпаққа рухани ғибратты дүние қалдыру еді. Әрі "Қостанай таңы" басылымына көзқарасты жаңа бір қырынан таныту болатын" деп жазылғандай, ұжымдық жинақ сол мақсат үдесінен шыққан деуге әбден болады. Би-Ағаңа арналған жырлардан өңірдегі әдеби тіршіліктің бет-бедері, суреткерлік шеберлік, қоғамның кескін-келбеті, заман лебі бірден сезіледі. Әр ақынның ой түкпіріндегі өзіндік фәлсафасы менмұндалайды.
Міне, жоғарыда айтқаны-мыздай, "…жақсы жаңалық!"  деуіміздің сыры осында, ағайын! Алдағы күндері "Қостанай таңы" осы жинақтарының тұсаукесер рәсімін жасап, жаңалығымен бөліскен жандарға қуаныш сыйлап, бұдан кейін де "Қостанай таңының" кітапханасы сериясы жалғаса бермек!
Нұрболат
        МЕШІТБАЕВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓