Ұшақ апатынан алты адам қаза тапты

Жамбыл облысында Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауынан алты адам қайтыс болды, бір адам аман қалып, ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Презентация Microsoft Office PowerPointРесми мәлімет бойынша, ұшақта 7 адам болған, оның үшеуі – экипаж мүшесі.
«Ұшақтың құлауынан экипаждың 3 мүшесі, сондай-ақ 3 жолаушы қаза болды. Ұшақ құлаған орында тірі қалған бір әйел адам табылды, ол ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. Зардап шегуші жансақтау бөліміне жеткізілген, оның бірнеше жерден сүйегі сынып, миы шайқалған. 
Ұшақ құлаған ауданға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС  «Шатыркөл» кен орны қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері, Қарағанды және Жамбыл облыстары төтенше жағдайлар департаменттерінің құтқару бөлімшелері және Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің жедел-тергеу тобы жіберілді.
Еске сала кетейік, Балқаш – Шатыркөл бағыты бойынша ұшып бара жатқан Ан-2 ұшағы 20 қаңтарда сағат 15.40-та Жамбыл облысындағы «Шатыркөл» кен орны маңында құлаған болатын. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Шатыркөл» кен орнының күшімен жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде сағат 17.01-де құлаған ұшақ кен орнынан 20 шақырым жерде табылды. Ақпаратты алғаш болып Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел бөлімі мен «Апат медицинасы орталығының» жергілікті филиалының мамандары растады. Ұшақта болғандардың төртеуі «Қазақмыс» корпорациясы қызметкері екені хабарланды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓