Ақтаудан жүлдемен оралды

Қостанайлық Мәлика Мұхтарова арбадағы би спортынан ҚР чемпионатында үш алтын және екі күміс медаль алды.
Жарыс 17-18 маусым аралығында Ақтау қаласында өткен болатын. Чемпионатқа тоғыз облыстан спортшылар қатысқан. IMG_3025Мәлика сайыстың комби категориясында жаттықтырушысы Влад Сахномен бірге өнер көрсетті. Осылайша, бірінші күні комби-фристайл, комби-стандарт и соло-фристайл биледі. Екінші күні бес түрлі латын-америка биін билеп, көрерменді тәнті етті.IMG_3023-Қарсыластардың арасында осалы жоқ. Бәрі мықты, талантты. Әсіресе, семейлік қатысушымен тайталасудың өзіне жігер керек болды. Өйткені, ол тәжірибелі биші, әлем чемпионы еді. Бірақ, бұл жарыста менің жолым болды. Мен алтын алдым, қарсыласыма күміс жүлде бұйырды. Болашақта әлем чемпионатына қатысқым келеді. Менің ендігі мақсатым – әлем чемпионы атану,-деді талантты биші Мәлика Мұхтарова.

Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓