Жұмыссыздықты азайту – БАСТЫ НАЗАРДА

Жұмыссыздық төңірегіндегі түйткілдерге жұртшылықтың құлағы қашанда түрік жүреді. Бұрнағы жылдарда жоғары және арнаулы орта білім алып келген жастардың қалаған мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасуы қиынның-қиыны болатын. Бұл жағдай олардың ата-аналарын да қатты ойландыратын.  Балаларын  оқытып  бір  қиналған  ата-ана енді оларды қызметке орналастырудың   қамын ойлап, екінші рет сарсаңға түсетін.
Міне, осы ауыртпалықтарды қазір мемлекетіміз жүйелі түрде шешіп келеді. Бұл тарапта елімізде арнайы  жасалған бағдарламалардың пайдасы мол болып отыр. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында жасалған мемлекеттік бағдарламалар негізінде мемлекет қалалар мен  ауылдарда тұратын жастарды  жұмысқа орыналастыру үшін арнайы қаражат бөлді. Соның  нәтижесінде жастар жаңа мамандықтар алып, әр салада  еңбек етуде.  Бұл дегеніміз – дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстанның жан-жақты өркендеп келе жатқанын көрсететін жетістік болып табылады. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында біздің облысымызда да жастар өмірден өз орындарын тауып, Тәуелсіз елімізді өркендетуге шама- шарықтарынша өз үлестерін қосуда.
скачанные файлы (1)Осындай оң қадамдар облысымыздың іргелі өңірі – Қарасу ауданында да бар. Биылғы жы-лы аталмыш аудандық жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасын дамыту барысында республикалық бюджеттен 102 960 200 теңге қаржы бөлінгелі отыр. Былтыр-ғы жылғы қаралған сомамен салыстырғанда өсім әлдеқайда жоғары. Бұған себеп аталмыш бағдарламаны қолдап, оған тілек білдірушілердің санының  едәуір арта түсуі екен.
– Бағдарламаның дамуындағы екінші бағыт – жеке кәсіп-керлік қызметті қолдау арқылы жұмыс орындарын құруға 2015 жылы 90 млн. теңге бөлініп отыр. Былтырғы жылы бөлінген шағын несиені  (60 млн. 315 мың теңге)  25 адам алды. Биылғы жылы несие алушылар қатарын  одан да көбейтпекшіміз. Мысалы: мал шаруашылығын дамыту үшін несие алғысы келетіндерге  барлық  жиһаздарымен қамтылған жылжымалы машина-вагон үйі ұсынылады. Биыл екі машина-вагонға тапсырыс беріп отырмыз. Өтініштерді бүгіннен бастап қабылдай береміз, – дейді бізбен әңгімесінде Қарасу аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Айдар Дәуітов.
Ол кісінің баяндауынша, аудан бойынша  Қостанай қаласындағы  он айлық  оқуға 6 адам жіберіліп  отыр екен. Оларға оқу барысында пәтерақы, жолақы және стипендия беріледі. Тегін білім алады. Бұл үшін оқу орнына арнайы қаржы аударылған.
Жұмыспен қамту орталығы 11 сынып бітірген түлектерден құжат қабылдауды  биылғы  жылдың маусым айынан бастағалы отыр. Ал қыркүйек айында талапкерлер колледж партасында отыратын болады.
Жастарға жоғары және арнаулы орта кәсіптік білім беру үшін мемлекеттік қолдаудың қосымша бір шарасы бүгінде дәстүрге айналған – жастар практикасы. Оның мақсаты –  жастардың таңдаған мамандықтары бойынша алғашқы еңбек тәжірибесінен өту арқылы біліктілігін қалыптастыруы болып табылады. Осы мақсаттан да 2015 жылы  жас мамандардың жастар тәжірибесінен өтуіне  4.281.100 теңге қаражат бөлінген. Оған 20 жас маман тартылмақшы. Осының ішінде  5 жас маман тәжірибеден бірінші болып  сәуір айында өткелі отыр.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасының бірінші бағыты – 12 айға дейін қызмет ететін  және жалақысы мемлекеттен төленетін  әлеумет-тік жұмыс орындарын құру екені белгілі. Биыл  осындай әлеуметтік жұмыс орындарын құруға аудан бойынша 4 миллион теңге бөлініп отыр. Бұған 15 адам тартылады деп жоспарланған.  
Ал, жастарды алдын-ала бір мамандық бойынша оқытып, дайындайтын 3 айлық курсқа 18 жұмыссыз жас жіберілмек. Олар-ға республикалық бюджеттен 2 млн. 931 мың теңге қаржы қарал-ған. Өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру үшін қазірдің  өзінде 3 адам өтініш жасаған.
Мемлекеттік бағдарламаның әлеуетінің артуына байланысты жұмыспен қамту орталығының басшысы биылғы жылы ешкім де жұмыссыз қалмайды деп түсіндірді.
Жалпы алғанда Қарасу ауданы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы ойдағыдай.Бұл ретте жұмыспен қамту орталығы жоспарлы түрде қызмет жасауда. Олардың мақсаты – жастарды еңбекке тарту.
Ақнұр
      МҰСАБАева
Қарасу ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓