Әлеуметтік сала әлденеді
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде әлеуметтік салада болатын өзгерістерге тоқталды. Мемлекет басшысы алдағы жылы 700 мыңнан астам қазақстандыққа тұрғын үй, білім алу мәселесін шешу үшін қордағы қаржының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілетінін айтты. Осы мәселе бойынша тиісті орындарға тапсырма берілді.
Мұнымен қоса, мұғалімдер жағдайын жақсарту мақсатының тиімді шешімін тауып келе жатқанын, олардың жалақысы 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен өсе беретінін мәлім етті. Оған алдағы үш жылда 1,2 трлн теңге бөлу көзделген. Ғылымға да қолдау көрсетіледі, бұл салаға 1 мың гранд бөлуді тапсырып отыр.
Сондай-ақ, медицина қызметкерлерін қолдауға 150 млрд теңге бөлінеді. Президенттің айтуынша, 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы қазіргіден екі есеге артық болады.
"Тағы бір мәселе – медициналық инфрақұрылымды дамыту, – деді Қ.Тоқаев. – Жыл соңына дейін ел аумағында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай Денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі. Бұл осы мақсатқа орай 1,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз".
Оның сыртында, Қ.Тоқаев медицина бұйымдарын елде өндіруге көңіл бөлу, медицина инфрақұрылымын жақсарту аса қажет екенін, елде 20 көп салалы медициналық орталық салынатынын айтты.
Оның сыртында, Қ.Тоқаев медицина бұйымдарын елде өндіруге көңіл бөлу, медицина инфрақұрылымын жақсарту аса қажет екенін, елде 20 көп салалы медициналық орталық салынатынын айтты.
Мемелекет басшысы үкіметке әлеуметтік кодекс әзірлеуге кірісуді тапсырды.