Тартысты жарыс
Қостанай облысында «Jas liga» атауымен жастардың басын біріктірген ерекше спорттық жоба жалғасып жатыр.

Жарыстың бір бөлігі Қостанай өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті. Волейболда бірінші орын үшін «Қызбел» мен «Намыс» командалары кездесті. Ойынның тартысты өткені сондай, бесінші кезеңге дейін жалғасты. Шешуші партияда таразы басы ойын аяғына дейін теңселіп тұрды. Командалар бір-бірінен небәрі екі ұпай ғана озып, кейін қайта теңесіп, көрермендердің делебесін қоздырды. «Намыс» ойыншысының қиыс соққысы кездесудің нәтижесін шешіп кетті. Қорытынды есеп 3:2 – «Қызбелдің» пайдасында.

Дильназ Изделюева,
журналистика мамандығының 3–курс студенті