«Мерейлі отбасы» – мерейі үстем

Байқауға қатысқан отбасылардың қай-қайсы да сыннан сүрінбей өтуге күш салып, өздерінің жан-жақты екендіктерін таныта білді. Нәтижесінде Ғапбасовтар отбасы бірінші, Әбжамаловтар отбасы екінші, Зәріповтер отбасы үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Баяхметовтер отбасына да сыйлық берілді.
Сондай-ақ, қалалық қосымша білім беру мектебінде "Мөлдір бұлақтан" атты отбасылық шығармашылық фестивальдің гала концерті өтті. Фестиваль қорытындысы бойынша Мажитовтер отбасы (Макаренко орта мектебі) бірінші, Біржановтар отбасы (Фурманов орта мектебі) екінші, Тюракиндер отбасы (бастауыш гимназия) үшінші орынды иеленді. Фестиваль аясындағы "Ежелгі отбасылық қолөнер" көрмесінде Шағыровтар отбасы (Восточный орта мектебі) топ жарды.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
Суретте: "Мерейлі отбасы" өңірлік байқауының жеңімпазы Ғапбасовтар отбасы.