Бүгін – Ұлттық домбыра күні
Бүгін, шілде айының алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. Бұл мерекені ҚР Тұңғыш Президенті – Н.Ә. Назарбаев 2018 жылы бекіткен болатын. Сол сәттен бері жыл сайын ел жүзінде атап өтіліп келеді.
Рухани, мәдени маңызы зор мереке Қостанай облысында да ерекше сән-салтанатымен думандатылады. Өйткені Тобыл-Торғай қазақтың ұлттық аспабының дәріптелуі жоғары дәрежеде. Оның насихатына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар туралы айтқанда, дәулескер күйші, дарынды дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, өткен жылы ғана өмірден озған біртуар өнерпаз Назымбек Молдахметовтің есімі еске түседі. Қара домбыраның қасиетін танытып, күй өнерін биік деңгейлерге көтерген, қалың тыңдарманын қапысыз мойындатқан сұңғыланың ұлт өнері жолында еткен ісі, қылған қызметі ешқашан ұмытылмақ емес. Өзі негізін салған қазақ ұлт аспаптары оркестріне күні кеше ғана аты берілді. Бұл – оның мәңгілік рухының алдындағы құрметтің белгісі.
Мұнымен қоса, Ұлттық домбыра күні қарсаңында "Күмбірле, қоңыр домбыра!" атты облыстық жас күйшілер байқауы, "Ғасырлар пернесі" атауымен қазақ ұлт аспаптар ансамбльдерінің фестивалі өтті. Оның сыртында облыс өңірлерінде күй өнерін дамытуға үлес қосып жүрген білікті күйшілермен, тәжірибелі мамандармен онлайн-сұқбаттар ұйымдастырылды. Әр аудан-қалада да осы мерекеге арналған түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қазақтың жанындай, бабалар үніндей, ғасырлар сырындай болған қасиетті домбыраны насихат ету бағытындағы жоспарлы іс-шаралар үздіксіз жалғасын таба береріне шүбә жоқ.