Оң өзгеріске толы

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Nur Otan»  партиясы фракциясының отырысында өңірді дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың жетістіктері туралы баяндама жасады. Мәселен, үш жыл ішінде халықтың жан басына шаққанда ішкі өңірлік өнім 51,5% – ке өсті.  Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 87,7% -ке  артқан.  Өнеркәсіпте де, ауыл шаруашылығында да еңбек өнімділігі жоғары. Тіпті, өңірде өмір сүру ұзақтығы 2015 жылмен салыстырғанда бір жарым жылға – 72,3 жасқа дейін ұзарған.
75491742_2391574547626076_4445784823490936832_n
– Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің басым бөлігі оң динамиканы көрсетеді, – деді отырыста сөз алған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. – Өнеркәсіптік өндірісте 15,1% – ке (862,8 млрд теңге) өсім қамтамасыз етілді.  Құрылыс жұмыстарының НКИ 105,7% деңгейінде, яғни, көлемі 85 млрд теңгеге жетті. Жыл басынан бері 16,2% өсіммен 264,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Облысқа 196,2 млрд теңге инвестиция тартылды (өсім 3,8%).
Жиын үстінде  облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Үздік әлеуметтік жобалар» республикалық конкурсының аймақтық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтап, ақшалай сертификаттармен марапаттады.
qeHC5rg5_3Q
Бірінші орынды «Рауан» жастар қоғамдық бірлестігі иеленді. Оған 1.000.000 теңге табыс етілді.  Екінші орынды 700 000 теңгенің сертификатын алған «Umit-Надежда» ҚБ еншіледі. «Қостанай қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ 3-ші орын және 500 000 теңге алды. Қарабалық ауданы мен Рудный ерікті мүгедектер қоғамы белсенділік танытқаны  үшін жүз мың теңге алды
– Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау саласында жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктерді құттықтаймын. Бұл қаржы сіздерге әрі қарай жұмыс істеу және өз мақсаттарыңызға жету үшін қажет болады, – деп атап өтті өңір басшысы.  
76781358_2391574634292734_2517425931576934400_o
  «Nur Otaн»  партиясы фракциясы отырысында бір ай ішінде партияның депутаттық фракцияларына қалалар мен аудандарда облыс аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелерін қарастыру жүктелді. Сондай-ақ бағдарламаның оң аспектілерін жариялау үшін медиаплан мен спикерлер дайындау, қоғамдық мониторингті күшейту, депутаттарға аумақтарды дамыту жобасын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды жинау және талдау қажеттігі тапсырылды.
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓