Кім үздік?

Жыл сайын облысымыздағы техникалық және кәсіптік білім беру  оқу орындары студенттері арасында  «Үздік маман» атты кәсіби шеберлігі  байқауы өтеді.   
– Байқауға облысымыздағы барлық техникалық және кәсіптік  білім беру орындары атсалысты деп айтуға болады. Ең алдымен айтарымыз сол – байқаудың басты мақсаты жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру, таңдаған мамандықтары бойынша шеберліктері мен дағдыларын   нақтылау.  Студент  жастарымыз үш апта бойы  автомобиль жөндеу слесарі, электр-газ дәнекерлеуші, шаштараз-сәнгер, сылақшы, аспазшы мамандығы бойынша сынға түсті. Барлығы жүз адам. Жастар сынақ барысында  шеберліктерін, қаншалықты өз мамандығын меңгергендіктерін көрсете білді. Берілген тапсырмалар мемлекеттік білім беру стандартына негізделініп жасалды, – деді бізге осы байқауға жауапты мамандардың бірі, әдіскер И.Сургаева.
Қостанай қаласы балалар шығармашылығы үйі «Үздік маман» атты кәсіби шеберлігі байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты күні студент жастарға лық толы болды.  Сахна төріне  әр мамандық бойынша қатысқан қатысушылар көріністер ар-қылы өздерінің кәсіптік шеберліктерін, машықтануларын көрсетті. Мәселен, шаштараз мамандығын таңдаған  болашақ жас мамандарымыз  шаш сәндеудің небір үлгіле-рін  көрермендердің назарына ұсынды. Әсіресе жиналған жұртшылық қалыңдық шаш үлгісімен ортаға шыққан  сәнгерлерді ду қол шапалақтап қарсы алды. Әр мамандық өзінше ғанибет, өзінше ерекше.  Жалындаған жастық жігермен жігерленген жастарымыз ән шырқады, би биледі. Ал, байқау барысында бес мамандық бойынша жүлдегер атанған он бес же-ңімпаз, мысалы, бірінші орынды  аспазшылар сайысында – Р.Масабаев,  сылақшыларда- Е.Лисогор, электр-газ дәнекерлеуші мамандығында-М.Тоқаев, шаштаразда- О. Хвищук жеңімпаз атанды. Басқа да жеңімпаздармен  бірге олар ұйымдастырушылар тарапынан марапаттарға ие болды.
Гүлназым
    САҒИТОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓