Ақын рухымен сырласу
Құрметті Міржақып ата! Сізді, ұлы жүректі, жан әлемнің жоғын жоқтаушы, қараңғы қапас бодандығында шырт ұйқыда жатқан қауым елге "Оян қазақ" – деп, жар салушы, ұлтжанды өр намысты өн бойына жинаған күрескер ретінде танып келдік.
Ата, Сіз арман еткен тәуелсіздікке қол жетіп, еліміздің еңсесі тіктеліп, керегесі кеңейіп беки түсті. Бірақ …
Арада ғасыр өтті. Елді сергелдеңге салған сол індет өршеленгені болмаса жойылған түрі жоқ. Ұлт ішін "мәңгүрттендіру империясының" сойылын соғуға келгенде қолынан барын аянбайтын айыртұмсықты ұрпақ бар. Енді, не істемек керек?! Бес уақыт намаз оқып, пәтуасыз тірлік жасап жүргені қаншама…
Қара ғасырдың керуені түйелі десек те әйтеуір, ар- иманымызға күйені арту оңай болып тұр. Жар ғаламның жаһандануы заман кейпін өзгертті деуге келмес. Қоғам айнасы алдында тұрған адам емес пе?!
Сізге, рухыңызға хат жазып отырған себебім де осы. Тегінде тектіден, түбіміз – Түрік – дейміз. Бәлкім, көкбөрілік қасиеттен болар. Қансыраған тұста жұлып жеуге дайын тұратындығымыз. Азғындардың хан талапайына түсіп тарыдай шашырағанымыз аздай-ақ…
Замандас досыңыз Ахмет ата, бірде "Өз-өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ" – деген екен. Тірлікте мәнісін ұғынбаған сол орта бүгінгі күннің ардақтысы, абызалы. Әр елді даралап ұлттық болмысын айшықтап тұратын оның тілі, діні, әдебиеті мен мәдениеті, құдайдан кейінгі қорқатын әдет-ғұрып пен салт-дәстүрінде.
"Он күнәнің тоғызы тілден" – деуші еді. Тілімнің күйі бір жетім. Бір тілім құнарлы нәр беріп жұбатқанымен рухани аштық жегідей жеп барады. Өзге тілдің қолтығынан демеген адал дос. Амал достығын ағармайтын аңғал, ақ ниетті жас.
Міржақып ата! Ұлтымды сыртқы жаудан аман сақтап, ішкі "жаудан": өзара дүрдеараздық, мәңгүрттену, өз дінін өгейсініп, өзге ағым өкілдерінен жан-жылуын тапқандар, отбасын тәрк етіп, тірі жетімдіктен қаймықпайтындардан сақтап қаламын?!
Ерхан Болатұлы,
№7 қазақ орта мектебінің"Ақындар мектебі" үйірмесінің жетекшісі.
Рудный қаласы.