Үйірмеден үйренерім көп
Қостанай қаласындағы М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің 6 "А" сыныбында оқимын. Біздің сынып өте ұйымшыл. Оқушылар бір-біріне әрқашан көмек береді. Сыныптағы барлық оқушылар мектептегі және мектептен тыс өздері таңдаған үйірмелерге, әсіресе спорттың түрлі үйірмелеріне белсене қатысады. Ұстаздарымыз айтады, спорт – денсаулық кепілі, оны жақсы көріңдер, оның сенің өміріңде алатын орны ерекше, сабақ оқуыңа да жақсы көмектеседі дейді.

Былтырғы жылы Астана және Ақтөбе қалаларында "Таэквондо" бойынша ұйымдастырылған республикалық деңгейдегі іс-шараға қатысып, жүлделі орындар иелендік. Біздің қуанышымыз – жаттықтырушымыздың қуанышы, жеңісі. Бүгін, біздер спортпен шұғылданып басқа да республикалық және облыстық жарыстарға қатысуға дайындалып жатырмыз. "Дені саудың – жаны сау" деп ата бабаларымыз айтқандай, спортпен барлығымыз шұғылдануымыз керек.
Жандос ҚАДЫРОВ,
М.Хәкімжанова атындағы №20 мектебінің 6 "А" сынып оқушысы.