Меморандумға қол қойды
Қостанай облыстық кәсіподақтар кеңесі қоғамның тұрақтылығы мен жұмысшылардың мүдделерін қорғауға атсалысуда. Осынау мақсатты әрі қарай жандандыру үшін мемлекеттік мекемелермен әлеуметтік серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Өңірдегі кәсіподақтар кеңесінің басты мақсаты –жұмысшылардың мүдделерін қорғау. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әлеуметтік әріптестіктің маңызы зор. Сондықтан Қостанай облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрайымы Балбөпе Ертаева облыстық ішкі саясат басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, облыстық ардагерлер ұйымы және "Нұр Отан" партиясы ҚОФ-мен меморандумға қол қойды. Аталған мемлекеттік мекемелер мен партия мүшелері жұмысшылардың мүддесін бірлесе қорғайтын болады.
– Уақыт өткен сайын өңірдегі ардагерлердің қатары азайып барады. Көбісінің жасы тоқсанда. Қариялардың жүріп-тұруы қиын. Сондықтан ардагерлерге әлеуметтік қызметкерлер қарайды. Біз де бақылауымызға алдық. Облыстағы ардагерлердің бәрінде баспана бар. Бір өкініштісі, жастар Ұлы Отан соғысы туралы дұрыс біле бермейді. Майдангерлердің ерлігін насихаттауға облыстық кәсіподақтар кеңесі атсалысса екен, – деді облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжебек Укин.
Қымбат
ДОСЖАНОВА
Суретте: іс-шарадан көрі-ніс.