Көрмеден қалмаңыз

Қостанай қаласында «Германияның бірігу жолы» атты көрме болады. Оның ашылу салтанатына Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Г.Херц және Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.Карплюк қатысады деп жоспарланып отыр.  Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз хатшысы хабарлады. 

германия
Көрмеде XX ғасырдағы заманауи Германияның дамуы мен қалыптасуы туралы 20 ақпараттық стенд көпшіліктің назарына ұсынылмақ. 1990 жылдың 3 қазан айында Германияның Батыс және Шығыс бөлігі бірікті. Бұл күн мемлекеттің ұлттық мерекесі болып ресми түрде бекітілді және демалыс күні болып жарияланды. Германия туралы өзге де ақпараттармен таныс боламын десеңіздер, 26 қараша, сағат 15.00-де Достық үйінде өтетін көрмеге асығыңыз.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓