Оқи жүріңіз

imgpreviewҚазақта  қалы барларды Қалдыбай, Қалдыкүл,  Қалдыбек, Қалжан, Қалтай деп, меңі бар қызды Меңтай, Меңсұлу, Меңдіқыз деп атаған. Осы қалға байланысты да ырым, болжам, әр түрлі пайым-көзқарас та бар. Оқып көрейік:
* Маңдайында қалы бар болса, иесін сәттілік пен бақыт күтіп тұр.
* Оң көзінің бұрышына қал шықса, мұндай әйел қызғаншақ, ашушаң, әуесқой.
* Кеңсіріктегі қал сол әйелдің саяхат жасауға кұштар, шығармашылыққа жақын, қиялшыл екендігін айғақтайды.
*  Мойындағы қал жұмысының ойындағыдай болатынын білдіреді.
* Кеңсіріктің оң жақ бұрышындағы көздің жанында қалы бар әйелдерге тән қасиеттер: олар түрлі өзгерістерге бейім, өміріндегі құбылыстарға жеңіл көзқараспен қарайды, қысқа мерзімді жүріске жақынырақ.
* Желке жақтағы қал өмірінің қиындықтарға толы болатынын хабарлайды.
* Сол жақ көздің кеңсірікпен біріккен жеріндегі қал иесінің қызғаншақ, меңмен, өркөкірек екенін хабарлап тұр.
* Құлағында қалы бар еркектер – уайым, қайғыны біл-мейтін жандар.
 Оң жақ қабақтағы қал нәзік жанды, интелектуалдық мамандықты меңгеруге бейім әйелдерге тән.
*  Иығында қалы бар еркектер – еңбекқор,  өмірі ауырдың астымен жүреді.
*  Арқасы мен белінде қалы барлар ашық мінезді және адал адамдар.
• Бөксесінде қалы бар еркектер жұмыс істемей жата бергенді жақсы көреді.
• Аяқтағы қал – шешімді тез әрі дұрыс қабылдай білмейтін еркектерге бітеді.
•  Табандағы қал – саяхатқа шыққанды жақсы көретін, қиялға берілгіш еркектерге тән.
• Екі қасының ортасында қалы бар болса, оның таным-түйсігі жоғары, зерделі, ой-өрісі дамыған.
• Сол жақ көздің айналасындағы қал әйелдің тыныш өмір сүруді білмейтінін, жаңашылдықты жақсы көретінін білдіреді.
• Әйелдің сол жақ көзінің сол жақ бұрышында қалы бар болса, ол бір шалыс басқан қадамынан психологиялық қысым көріп жүрген жан.
• Сол жақ көзінің астында қалы бар әйел – өмірлік жарын дұрыс таңдап, бақытты өмір сүріп жатқан отанасы.
• Мұрынының ұшында қалы бар әйел қиын мінезді, барлық нәрсені қиындатқыш, түймедейді түйедей етіп көрсетуші.
• Оң жақ бет сүйегінде қалы бар әйелдердің жан дүниесін ешкім де түсінбейді, олар тұйық мінезді. Өмірі де сондай.
•  Әйелдің оң жақ танауының астында қалы бар болса, ол өте ақылды, тек өмірі түрлі қиындықтарға толы.
• Ерінінің үстіндегі шұқырында қалы бар әйелдер тәуелсіз болғанды жақсы кө-реді, саяхатқа жиі шыққанды жаны сүйеді.
• Ерінінің сол жақ астында қалы бар әйелдер жомарт жанды, өзіне-өзі сенімді, ана болуды қалайтын жан.
• Ерінінің астында қалы бар әйелдердің психикасы нашар болып келеді.
• Бұғақтағы қал бірқалыпты өмір сүруді қалайтын әйелдерге тән.
• Оң жақ көкіректегі қал сол әйелдің өмірде тепе-теңдікті сақтай алмайтындығын біл-діреді.
• Сол жақ көкіректегі қал иесінің жеңіл ойланатын әйел екендігін айғақтайды.
• Белдегі қал баласының көп болатындығынан хабар береді.
• Иығында қалы бар әйел – ырысты да берекелі.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓