Арқалық: кешенді даму көкжиегі

Аркалык-3Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы   бекіткен "Өңірлерді дамытудың – 2020 жылға дейінгі бағдарламасына" сәйкес, Арқалық қаласының 2015-2017 жылдарға арналған кешенді даму жоспары құрылды.
 Қаланың кешенді даму жоспары  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын қамтиды. 
Елбасының "Нұрлы жол: Болашаққа бастар жол" атты  Жолдауы қала тұрғындарының ертеңге деген сенімін еселей түсті. Жолдауда айтылған қашықтығы 2198 шақырым "Астана – Ақтау" автомобиль жолының 1652 шақырым жөнделеді. Яғни, "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы жол құрылысында мыңдаған жаңа жұмыс  орындары  ашылады. Жаңғыртылуы көзделген "Астана – Ақтөбе" тас жолы да өңірде жол қатынасының одан әрі дами түсетіндігін айқындайды.
Фото Аркалыка– Елбасы Жолдауымен іске қосылған "Арқалық – Шұбаркөл" темір жол желісі де кен тасымалында жол қашықтығын қысқартып, елге игілігін көрсетуде. Те-міржол 387 адамға жаңа жұмыс орнын ұсынса, жүк тасымалының жылдық болжамды көлемі 8,6 млн тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіш Қостанай облысының, оның ішінде Арқалық қаласының аймақтық макроэкономикалық өсу қарқынын арттыра түсері анық, – дейді өңірдің бүгінгі әлеу-меттік-экономикалық жағдайымен бөліскен қала әкімінің орынбасары Ерлан Теменов.
Шағын және орта бизнесті дамытып, экономиканы әртараптандыру заман талабы десек, бұл бағыттағы Арқалық қаласында жұ-мыс істеп тұрған ірі инвестициялық жобалардың бірі – "Агроинтерқұс" ЖШС. Серіктестік толық қуатына (Жобалық қуаты жылына 300 млн. жұмыртқа өндіру) 2020 жылға қарай қосылады деп жоспарланған. Келесі зәкірлі жоба "Нұр-Жайлау НС" ЖШС асыл тұқымды ірі қара мал фермасы және мал бордақылау алаңының құрылысы. "Абердин – Ангус" деп аталатын асыл тұқымды 3000 бас көлеміндегі кешен жобалық қуатына 2017 жылы қол жеткізетін болады. Биылдан бастап аталған екі жоба да өзінің шаруашылық жүргізудегі екінші кезеңдерін жүзеге асырмақшы.
 Аркалык-2Сондай-ақ, қалада "MAЯTAС" ЖШС кен байыту фабрикасы тә-жірибелік-өндірістік жобасының құрылысы қолға алынуда. "Самұрық-Энерго" АҚ қатысуымен 48 МВт жел электр станциясын салу көзделген. Астық сақтау жүйелерін жетілдіру мақсатында қаладан сыйымдылығы 32 000 және 12 000 тоннаны қамтитын желілік элеваторлар бой көтеруде.  
Ірі кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерліктердің серіктестік бағдарлама қабылдауы қаланың әлеуетін арттыра түседі. Өткен жылы "Қазақстан алюминийі" АҚ Торғай боксит кен басқармасы қала кәсіпкерлерімен 18 келісім-шарт жасасып, оның қаржы айналымы 137 млн. теңгені құрады.
Қаланың кешенді даму жоспарына сай шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында: өңірлік үйлестіру кеңестері кәсіпкерлердің жобаларын субсидиялауға – 45 млн. теңге; конкурстық негізде ұсынылатын гранттық жобалар – 30,0 млн теңге; кәсіпкерлікті ынталандыру үшін шағын несиелік шараларды қамтамасыз  ету  үшін – 76 млн. теңге; кәсіпкерлікті ынталандыру бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту іс-шараларына – 1 млрд. 500 млн. теңге қаржы қаралған.
Инженерлік инфрақұрылымы жетіспейтін инвестициялық жобаларды дамытуға: "Агроинтерқұс" ЖШС – 1 млрд.167 млн. теңге, "Нұр-Жайлау НС" ЖШС – 200 млн. теңге, "Нұр – Жайлау Астық" ЖШС – 170,0 млн. теңге қаржы қарастырылады. 
Аркалык-1Мемлекеттік "Жол картасы – 2020", "Жұмыспен қамту – 2020" бағдарламалары бойынша халықтың жұмыссыз және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшін республикалық бюджеттен 31 миллион теңге қаражат қаралады. Қала көшелерін абаттандыру (3 жылға) – 525 миллион теңге; бюджет шеңберінде ағымдық басым мәселелерді шешу  – 703.0 млн. теңге; ағымдағы абаттандыру жұмыстары – 403 млн. теңге; ақаулы үйлерді сыру – 300 млн. теңге қаржыны қажет етеді.
Жалпы, қаланың үш жылдық кезеңге арналған кешенді даму жоспарының  жобалық құны – 28 млрд. 399 млн. теңгені түзді. 2016 жылы су жылыту қазандығын салудың жобалық-сметалық құжатын әзірлеу – 323 млн. 578 мың теңге; сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту – 773 млн.183 мың теңге; электрмен жабдықтау нысандарын қайта құру – 239 млн. 672 мың теңге; жылыту объектілерін қайта құру – 1 млрд. 318 млн. 910 мың теңге болып бекіді.
 Иә, бұл жай цифрлар емес, қаланың таяу болашақтағы өркендеп, дамуының көрсет-кіші. Арқалық қаласының кешенді даму жоспары жақында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында сәтті қорғалып шықты. Қала басшылығы оның орындалуын жіті қадағалау үстінде. Қалада бизнес мектебі мен кәсіпкерлер қауымдастығын құру шаралары да қолға алуға да қам жасалуда. 
 Міне, осылайша мемлекеттік бағдарламалар ел өміріне тың серпін әкелді. Атағы алысқа жайылған, жастардың қаласы Арқалық бүгінде қайта жандануда. Көшелері көріктеніп, ғимараттары сәулеттенген қаланың қазір шамдары алыстан жарқырайды.
Мұрат
      ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттерде: Арқалық қаласының бүгінгі келбеті.
Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓