Байқауда топ жарды
Қырғыз елінде өткен "KGтай" халықаралық байқау—фестивалінде Қостанай облысы, Арқалық қаласының кішкентай әншісі Нұржайна Таубалды 1-орынды жеңіп алды. Бұл жөнінде Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Байқаудың "Вокал" номинациясында өнер көрсеткен өнерпазымыз қазылар алқасының, көрермендердің жоғары бағасына, ыстық ықыласына ие болды.
Облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен байқауға аттанған Нұржайна сенімнің үдесінен шығып, елдің абыройын асқақтатты," делінген хабарламада.