#НаурызChallenge акциясын қолдайық!

«Nur Otan» партиясының бастамасымен «Бақытты отбасы» жобасы аясында #НаурызChallenge қайырылымдылық акциясы қолға алынған болатын. Мұндағы мақсат – жақсылық жасауға үндеп, өзгерелерді мейірілімділік танытуға шақыру. Игі істерге шақыратын бастама шеңберінде ел көлемінде түрлі шаралар жүзеге асып, көпшілікке үлгі болуда. Өңірде де жақсылық жасау марафоны, көмекке мұқтаж жандарға қуаныш сыйлауда.P1500841
Айта кету керек, Қостанай облысы ел көлемінде осы мейірімділік акциясына бастау жариялады. Сондай-ақ, аталмыш акция аясында Таран ауданында көмекке мұқтаж отбасыға жергілікті кәсіпкер үйдің кілтін табыстаған болатын. Көп балалы отбасы қуаныштары қойнына сыймай, шексіз ризашылықтарын жеткізген еді. Міне, сол сәттен бастап #НаурызChallenge облысымыздың әр аудан мен қалаларында азаматтар жақсылып жасап, өзгелерге насихаттап жүр.
Кезекті бастаманы «Nur Otan» Қостанай қалалық филиалы жалғастырды. Акция аясында соғыс ардагері Фагима Сайбаталованың үйіне барды. Көпті көрген кейуананың жасы бүгінде 94-те. Жүріп-тұруы қиындау. Шараға бастамашы болғандар үй ауласын қардан тазартып берді. Ал қалалық мәслихат депутаты Алексей Ефремов азық-түлік қоржынын сыйға тартты. P1500831
Сондай-ақ, Қарабалық ауданында да #НаурызChallenge акциясы шеңберінде жергілікті еріктілер ҰОС ардагері Михаил Лопатконың үйінде болды. Агротехникалық колледжінің студентері қарт майдангердің үйін қардан тазартты. Сөздерінше, олар әрдайым соғыс ардагерлеріне қолғабыс етіп, жан-жақты көмектесуге атсалып жүр.P1500836
Жалпы алғанда, #НаурызChallenge қайырылымдылық науқаны кең көлемде қостанайлықтар тарапынан қолдау тапты. «Nur Otan» партиясының өкілдері, осындай игі бастаманы қолдаушылық танытатындардың қатары артса дейді. Акцияға қатысу оңай. Әлеуметтік желілелерде отыратын азаматтар  #НаурызChallenge хэштегімен суреттер мен бейнематериал жүктесе болғаны. Ал көмекке мұқтаж азаматтардың тізімін «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінен алуға болады.  
 
Әсел Қибаш

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓