Дүкенге түскен ұры ұсталды

Қостанайда полицияның учаскелік инспекторлары дүкенге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады.
ormester02215 қаңтарға қараған түні Лиза Чайкина көшесіндегі бір дүкенге белгісіз біреу терезеден түскен. Дүкенде дабыл беру жүйесі орнатылмаған екен. Ұрыға кассаны ашу да қиындық тудырмаған. 60 мың теңгені қалтаға басқан ұры алысқа ұзамады. Жедел-іздестіру шараларының барысында  полицияның учаскелік инспекторлары Асхат Кукамбеков пен Алмас Фазыл-ахметов 20 жастағы күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындады. Полицейлер күдіктіден 2 мың теңгені тәркіледі, қалғанын ол жұмсап қойыпты.
Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-2 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓