Қоғамдық көліктер тоқтайды

Қостанай облысында әлі күнге карантиндік шектеу жалғасуда. Ертең, 18 желтоқсанда бірқатар шектеу енгізіледі.imagesБұған дейін облыстың бас санитарлық дәрігері В.Нечитайлоның кезекті қаулыға қол қойғанын жазған едік.
Ескертер жайт, 20 желтоқсан жәексенбісіне белгіленген шектау шаралары 18 желтоқсан, жұмаға ауыстырылады. Яғни жексенбілік шектеулер Қостанайда ертең орнайды.
1. Аумағы 2000 шаршы метрден асатын азық-түліктік емес сауда нысандарының, ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеті мен дәріханаларын қоспағанда сауда-ойын-сауық орталықтарының қызметіне тыйым салынады, сондай-ақ автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектерін сататын нысандар жұмыс істемейді
2.Қалалардағы қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатыла тұрады, тек Рудный қаласында "ССКӨБ" АҚ-на қызмет көрсететін қоғамдық көлік жұмыс істей береді.
3. Жабық спорт нысандарының жұмысына үзіліс жасалады (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары, фитнес-орталықтар, спорт-сауықтыру орталықтары)
4. Аквапарк, бассейндер мен термопарктің, қоғамдық моншалар мен сауналардың, сондай-ақ балалар секциялары, үйірмелері, факультативтерінің жұмыстарына тыйым салынады.
5. Қоғамдық тамақтану нысандары өзімен алып кету және жеткізіп беру әдісімен ғана жұмыс істейді.
Айта кетейік, бұдан былай такси қызметі уақыт шектеуінсіз жұмыс істейді, тек жолаушылар мен жүргізушілер міндетті түрде маска тағулары тиіс.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓