“Жинақты каталог” жарық көрді
"Қостанай қаласы кітапханаларының 2015 жылы жаздырып алатын газеттері мен журналдарының жинақты каталогының" кезекті саны – бұл Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің 1981 жылдан бері шығарып келе жатқан жыл сайынғы дәстүрлі басылымы болып табылады.
"Жинақты каталогты" қала кітапханаларының жаздырып алатын басылымдары туралы ақпарат беретін жолбасшы деуге болады. Ол оқырманға өзіне қажетті мерзімді басылымдар мен оларды жаздырып алатын кітапханаларды оңай тауып алуына көмектесетін болады.

Қала кітапханалары алдағы жылы 842 түрлі мерзімді басылым, соның ішінде қазақстандық 101 газет пен 333 журнал, ресейлік 24 газет пен 384 журнал алатын болады.
Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапхана 456-ге жуық түрлі газет пен журналға жазылды. Олардың 32 газеті мен 98 журналы қазақ тілінде. Оның 92 газеті мен 169 журналы Қазақстанда шығатын, 12 газеті мен 183 журналы ресейлік басылым болатын болды.
Көрсеткіштегі материалдар басылымның әліпбилік тәртібімен қазақ және орыс тілдерінде жеке-жеке берілген. Қазақстандық, аймақтық және ресейлік газеттер мен журналдар жеке орналастырылған.
"Жинақты каталогты" құрастыруға қатысқан кітапханалар тізімінде 2015 жылы жаздырып алатын мерзімді басылымдары туралы мәліметтер берген кітапханалардың шартты нөмірлері, олардың мекенжайлары мен телефон нөмірлері көрсетілген.
Құрастырушылар басылымға жазылу туралы мәлімет берген барлық кітапханаларға алғыстарын білдіреді.
"Жинақты каталог" қалың оқырман қауымға арналып, www.kstоunb.kz. сайтында орналастырылған.
Д. ЖҰмабаева,
библиограф.