Түз тағысын торуылдау жалғасып жатыр
Науырзым қорығының инспекторлары Қорық аумағында дала қасқырының мониторингі бойынша "АСБК" РҚБ әріптестерімен бірлесіп жұмыс атқаруда. Орман алқаптары мен далалы жерлерде зерттеу жүргізілуде, жол бойында басқа да жануарлардың іздері байқалады. Сібір елігін, бұлан, қабан және өзге де жануарладың іздері сайрап жатыр.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА.
Науырзым ауданы.