Бақ сынап, байқауға қатысыңыз!

Үстіміздегі жылғы 19 маусымда жылда "NIF$50К" республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауы бастау алады. Бұл байқау – талантты да талапты  жас ғалымдардың  өз идеяларын жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
байқау
Байқауды Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттікпен бірлесіп ұйымдастырып отыр. "NIF$50К" республикалық байқауы жаңа технологиялық идеялар мен шешімдер саласындағы әлеуметтік маңызы бар бастамашылықты анықтау және қолдауға, инновациялық бизнес әзірлемесін жоспарлауды оқытуға бағытталған.
Жұртшылықтың инновациялық белсенділігін  ынталандыру мақсатында  биылғы жылы байқауды ұйымдастырушылар  жаңа  жобаны жүзеге асырды.  Бай-қауға қатысушылардан өтініш-терді жедел және қолайлы жағдайда қабылдау үшін "Инновациялық автобус" алғаш рет 3D принтер және 3D сканермен жабдықталып отыр. Бұл құрыл-ғымен өнертапқыштардың ойлап тапқан заттарын дәл сол жерде тес-тілеуден өткізуге мүмкіндік береді.
Барлық облыс орталықтарында, Алматы, Астана қалаларында орналасқан кәсіпкерлерге қызмет көрсететін "Даму" кәсіп-керлікті дамыту қоры" АҚ жанынан ашылған байқаудың фронт-офистеріндегі кеңесшілер арқылы өтініш беруге болады. Және де агенттіктің www.natd.gjv.kz сайтында онлайн-тәртібінде өтініш-терді беру де қарастырылған.
Биылғы жылы  іріктеу кезеңдері еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Ең таңдаулы деген  қатысушылар өздерінің  ойлап тапқан бірегей әзірлемелерін кіл Қазақстанға көрсетулеріне мүм-кіндік алады. Сондай-ақ Астанада өтетін ақтық кезеңге қатысып, жүлделі орындар үшін сайысқа түседі.
 Байқауға Қазақстан Республикасының инновациялық жобалар авторлары болып табылатын азаматтары қатыса алады. Өтініштер ағымдағы жылдың 1  тамызына дейін қабылданады.
 Байқауға қатысушылар рейтингісі жоғары республикалық телеканалдағы "Инновациялық форсаж" интеллектуалды   шоудың кейіпкері болмақ. Байқаудың телевизиялық нұсқасы еліміз бойынша осы инновациялық жобаларды дамытудың келешегі туралы  нақты мысалдармен көрсетеді. Байқаудың жеңімпазы  7,5 млн. теңге көлемінде грант алады. Ал, 2,3 орын алғандар 2,5 және 1 млн. теңгеге ие болады.
 Астанадан Қостанай  облысына  "Инновациялық форсаж" автобусы  2014  жылдың  18 шілдесінде келеді.
 
 
Гүлназым Сағитова

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓