Халқына жақын болған жандар

2014-жыл да артта қалды. Мемлекеттік мекеменің дәстүрлі жылдық қорытындысы жарияланып, ауылдық әкімдердің халыққа, ауылға сіңірген еңбектері еленді.  
Бірінші орынды бағындырған Сарыкөл кентінің әкімі С.ҚаппасовАйталық, бірінші орынды Сарыкөл кентінің әкімі Сейтбек Қаппасов бағындырды. Бұл шенеунік өткен жылы өз ауылын өркендетуге зор үлесін қосқан. Тыңдырған жұмыстарымен басқа әкімдерден асып түсіп, халықтың ықыласына бөленді. Кент тұрғындары сегіз мыңға өскен, нысандар саны да көбейген, қысқасы, аудан әкімінің тапсырмаларын толығымен орындаған. 
Ал екінші орынды Барвин ауылдық округінің әкімі Орал Жанбалтин еншіледі. Бұл ауылдың да әлеуметтік-экономикалық саласында сапалы өсім байқалады. Еңселі екінші тұғырға тұрақтауды Орал Қалабайұлы жыл сайын дәстүрге айналдырған. 
Сондай-ақ, жүлделі үшінші орынды табысты Тәгіл ауылы місе тұтса, қалған орындарға он бір округ өзара ойысты. Енді, олар осы жылғы тапсырмаларды түбегейлі орындап, тиісті тұғырларынан көрінуді көздеп отыр. Алайда, аудан әкімі бұл жылы да тапсырмаларды үйіп-төгіп берді. Енді оны орындау әзірге, әкімдер еншісінде…
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓