Жабыққанға жәрдемші болу парыз!

         Арыс қаласындағы қару-жарақ қоймасының жарылуынан зардап шеккендерге қол үшын созу үшін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жанынан арнайы штаб құрылды. Оның құрамында «Қарасу» Холдингінің Бас директоры Алмат Тұрсынов, «Атамекен» ҰКП ОФ жетекшісі Василий Розинов,  «Жас  қанат-2006» құс фарикасының  басшысы Қайрат Маишев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сайлаубек Ещанов, «Нұр Отан» партиясы облыстық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бейсембаев сияқты бір топ есімі көпке белгілі азаматтар бар. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өзі баяндады.WhatsApp Image 2019-06-27 at 15.09.27(1)
         -Арнайы құрылған штаб құрамына қоғамда белсенді жұмыс істейтін азаматтардың бәрін енгізіп отырмыз. Ондағы мақсат – уақыт оздырмай төтенше жағдайға тап болған Арыс тұрғындарына қолдан келгенше жәрдемдесу. Осы оқиғадан кейін бірінші күні-ақ көптеген мемлекеттік мекеме, кәсіпорындар бір күндік жалақы аудару мәселесін қолдады. Тек қана мемлекеттік органдардың қызметкерлері зардап шеккендерге 20 миллион теңгеден астам қаржы аударды. Қазір игі іс одан әрі жалғасып жатыр.  Бұдан жекеменшік мекемлелер де бас тартып жатқан жоқ. Мәселен,  «Қарасу» Холдингі 3,5 млн теңге,  «Милх»  ЖШС  1 млн теңге,  «БК – Строй» құрылыс компаниясы  2 млн теңге аударды. Сондай-ақ, «Олжа-агро» ЖШС, «Баян сұлу» кондитер фабрикасы тәрізді ірі өндіріс орындары да бастамаға үн қосып жатыр. Қазіргі таңда Түркістан облысына 20  тонна ұн, 7 тонна макарон өнімдері, «Баян сұлу» АҚ  3 тонна контидерлік өнімдер жөнелтті.  Басқа да мекемелер қол қусырып отырған жоқ, – деді Архимед Мұхамбетов баспасөз жиынында.
           Сондай-ақ, облыстық кәсіподақтар орталығы «Сәби» гуманитарлық көмек беру акциясының аясында 1 жасқа дейінгі балаларға қостанайлықтардың атынан қажетті заттарды жинауды ұйымдастырып, барлық қажетті заттарды бүгін түстен кейін Түркістан облысына аттандырды. Онда балалар тағамы, гигиеналық қаттар, салфеткалар, т.б. бар.
          Өңір басшысы біздің облыс Арыс қаласындағы қирап, бүлінген 450 үйлі қалпына келтіріп беретінін айтты. Қазір онда облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк бастаған делегация жұмыс істеп жатыр. Олар бір апта ішінде қираған, бүлінген үйлердің шығынын есептеп, құрылыс жұмыстарына қанша қаражат қажет екендігін анықтайды. Содан кейін құрылысшылар нақты іске кірісетін болады.WhatsApp Image 2019-06-27 at 15.09.27
          -Қандай жағдай болмасын, біз бауырларымызға көмек беруіміз керек. Қол ұшымызды созу парыз. Сондықтан, осы сәтті пайдаланып мен барша қостанайлықтарды Арыстағы ағайынға қаржылай қолдауға шақырамын. Бірлігі бекем ел ғана алға озады, – деп түйіндеді облыс әкімі.
           Төменде Арыстағы зардап шеккен ағайынға қаржылай көмек беру үшін «Здоровье.kst» қоғамдық қорының реквизитін ұсынып отырмыз.
 
БИН 190140031149
ИИК КZ  6010221000089191
АО «Нарадный банк Казахстана»
БИК HSBKKZKX
КБЕ 16
 
                Әлібек ЫБЫРАЙ                                                              
    Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓