Ұлы күнді ұлықтау басталды

Биыл – қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл. Ұлы күнді ұлықтауға арналған ауқымды шаралар ауданымызда басталды.
Ұлы күнді ұлықтауға арналған шарадан көрінісАйталық, «Н.Дәулетова» атындағы аудандық кітапханада алғашқы шара шымылдырығын түрді. Оны орайластырған мекеме қызметкері алдымен, XV-XVII ғасырлар аралығын қамтыған Қазақ хандығының дүркіреген дәуірі туралы дөп басып айтты. Халқымыздың тарихи санасында өшпестей із қалдырған атақты хандар мен сұлтандар, батырлар мен билер, бектер мен әмірлер, ақындар мен жыраулар, ишандар мен абыздар осы тарихи кезеңде өмір сүргендігін тайға таңба басандай етіп баяндады. Сондай-ақ, ерлік пен елдікті паш еткізген небір талай тарихи оқиғалар осы дәуірдің еншісінде жатқандығын тыңдаушылардың құлағына құйды.
Ал, шараға арнайы қонақ ретінде  шақырылған мектеп оқушылары болса, Жәнібек пен Керейдің салған сара жолын, Қасымхан, қазақ билері және қазақ мәдениеті туралы ой-толғамдарын ортаға салды. Қысқасы, қатысушылар Қазақ хандығы хақында қомақты ойларға қанықты.
Ұлы күнді ұлықтауға арналған шарадан көрініс (2)Сондай-ақ, «Қазақ даласының ұлы хандығы» деген атаумен орайластырылған, «Қасымхан», «Абылайхан», «Ұлы дала мемлекеті», «Еділ жайлаған қазақтар», «Жүз тұңғыш», «Қазақ хандығының тарихы», «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы» сынды кітаптар қойылған көрмеден де келушілер көкейлеріне орамды ойлар түйді.   
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓