Отбасылық өмір – осы бастан
«Отбасы психологиясы» деп аталатын факультативті курс бағдарламасының тұсаукесері облыстық білім басқармасында онлайн тәртібінде өтті.
Бағдарламаның авторы – А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ психология кафедрасының профессоры Л. Саркисян. Курс барысында жоғары сынып оқушылары отбасы дегеніміз не деген сұраққа қатысты мәселелерді, отбасы мен некенің рухани-адамгершілік негіздері қарастырылады. Бағдарлама 10 сынып оқушыларына арналған.