Дәрігерлік амбулатория ашылды

Таран ауданының Май ауылдық округінде заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды. Жаңа ғимарат құрылысына облыстық бюджеттен 120 млн теңге бөлінген болатын. Тұрғындардың көптен күткен қуанышты сәтіне аудан әкімінің орынбасары Дидар Акулов пен аудандық аурухананың бас дәрігері Абат Жауков қатысты.
410x300-otkrytie-sva-maiskiiЕкі жарым мыңнан аса тұрғыны бар майлықтар үшін әлеуметтік нысанның маңызы зор.  Олар бұған дейін Кеңес одағы тұсында салынған көне ғимаратта ем-дом алып келген. Басы ауырып, балтыры сыздағандар көбіне аудандық орталық пен Рудный, Лисаков қалаларына қатынайтын. Енді жаңадан ашылған  заманауи  ғимаратта сапалы медициналық қызмет көрсетуге барлық жағдай жасалған.
sva-maiskii-otkrytie 4Амбулатория меңгерушісі Қарлығаш Мырзашеваның айтуынша, мұнда дәрігерге дейінгі арнайы бөлмемен қатар кіретін жеке есігі бар туберкулездік бөлімше қарастырылған. Ал күндізгі стационарда бір мезгілде 8 адам емделе алады, – дейді Қарлығаш Дүйсембайқызы.
sva-maiskii-otkrytieАтап өтерлігі, Қостанай облысы бойынша өткен жылы дәл осындай 8 дәрігерлік амбулатория бой көтерген. Оған бөлінген қаражат 1 млрд теңгеден асып жығылды.    

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓