Құрмет тұғырынан көрінді

Рудныйлық таэквондошылар Павлодар қаласында өткен ашық республикалық турнирде құрмет тұғырынан көрінді.
таэквондоҰлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен және Ресейдің Алтай, Красноярск өлкелерінен ұзын саны 350 спортшы қатысты.Кеншілер қаласының атынан барған 15 таэквондошының 8-і үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Алтын медальді Матвей Дементьев (салмақ дәрежесі 22 кг-ға дейін), Еркебұлан Өтемұратов (68 кг-ға дейін), «күміс» медальді – Сергей Ивашкевич (53 кг-ге дейін), Жанқожа Райымбаев (58 кг дейін) жеңіп алса, «қола» медаль Магди Ерғалиев (22 кг-ге дейін), Диана Әлімжанова (37 кг-ге дейін), Ксения Гильдт (55 кг-ге дейін), Еркебұлан Ахатаевқа (54 кг-ге дейін) бұйырды.
таэквондо2
Қуаныш Сейдоллаұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓