Украиналық хорға 20 жыл

Рудный қаласындағы «Орбита» демалыс орталығында «Мрия» халықтық украин әндерінің хоры өзінің 20-жылдық мерейтойын атап өтті. Өнер ұжымы әннен шашу шашып қана қоймай, тыңдармандарына ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.
мрия 2«Мрия» – көптеген қалалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Оның репертуарындағы 100-ге жуық әннің арасында қазақ халқының әндері де баршылық. Мерейтой иелері сахнада тың мен комбинаттың 60-жылдығына, Жеңістің 70-жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орай арнайы әзірлеген нөмірлерін көрсетті. Шара барысында «Мрияның» әріптестері «Байрам», «Калина», «Соседи» шығармашылық ұжымдары да өз өнерін ортаға салып, мерекенің көркін қыздыра түсті.
мрия
 
Қуаныш Сейдоллаұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓