Жас маман үшін маңызды жоба
Өткен жылы 65 рудныйлық «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының «Жастар практикасына» қатыстырылды. Бұл туралы «Жұмыспен қамту орталығының» директоры Елена Рублева хабарлады. Оның айтуынша, бағдарламаға ЖОО немесе колледжді бітіргеніне 3 жыл толмаған кез келген жас маман қатыса алады.

Айта кетерлігі, өткен жылы Рудный қаласының жоғары және арнаулы оқу орындарын тәмамдаған 1,5 мыңға жуық жас маманның 87 пайызы жұмыспен қамтылса, 8 пайызы оқуын әрі қарай жалғастырды. Әскерге шақырылғаны мен тұрмысқа шыққаны 4 пайызды құраса, 1 пайызға жуығы көкейдегі жұмысын әлі таппаған көрінеді.
Қуаныш Сейдоллаұлы