Жоспар ауқымды, жұмыс қарқынды

Былтырғы құрғақшылық Қамысты ауданының агроөнеркәсіп саласына айтарлықтай салмақ болғаны анық. Ауыл шаруашылының өндіріс көлемі 2018 жылға қарағанда екі есеге азайып, 9,1 млрд теңгеге жуықтады. Астық шығымдылығы әр гектарынан орташа 2,5 центнерді құрады. Өңірдің егістік алқабының жалпы көлемі 354 мың гектарды құрайды. 18,5 мыңға тарта ірі қарадан сиыр басы 6,5%, жылқы 3,2 мыңға жетіп, 11,6% өскен. 42 мың тонна шөп, 10,8 мың тонна пішендеме, 5 мың тонна сабан дайындалды. Трактор, комбайн, басқа да ауыл шаруашылық техникасының 93 данасы сатып алынды.
Осы және өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндаған Қамысты ауданының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов халық алдында қорытынды есеп берді. Бұл жиынға облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов арнайы қатысып қайтты.Отчёт акима района перед населением
– Өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі 2,3 млрд теңгеден асады. Ауданға 5 млрд 651 млн теңге инвестиция құйылды. Бұл 2018 жылға қарағанда 1,1 млрд теңгеге жуық артық. 2 млрд  теңгеден астам қаражатқа құрылыс жұмыстары орындалды. 901 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, – деді аудан әкімі.
Биылғы жылғы қаңтардың басынан селолық округтер бюджеттің 4 деңгейіне көшті. Оларды біріктіру қаржылық мүмкіндіктердің өсуіне әрі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етпек. Әкімшілік-аумақтық өзгерістердің әрі ауылдарды ірілендірудің нәтижесінде 18 елді мекеннен 16-сы қалып отыр. атап айтқанда, Фрунзе, Ливанов, Мешітті, Қамысты селолары біріктіріліп – Қамысты ауылдық округі, Талдыкөл мен Клочков біріктіріліп – Клочков ауылдық округі, Жайылма, Пушкин, Адаев біріктіріліп- Адаев ауылдық округі, Орқаш пен Аралкөл біріктіріліп – Аралкөл ауылдық округі болып қайта құрылды.
Қазір ауданда 482 шағын және орта кәсіпкерлік субъекті бар. Олардың тауар айналымы 754,5 млн теңгені (2018 жылы – 699,8 млн теңге) құрап отыр. Бұған қоса, бағаны тұрақтандыру мақсатында былтыр 10 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіліпті.
8 елді мекен орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. Су құбырының жалпы ұзындығы 141 шақырымнан асады. Таза ауыз сумен қамтылған халықтың үлесі – 77%. Арқа ауылының екі жүзге тарта түтіні ауыз сумен қамтылды. Бестөбе, Адаев ауылдарына су тарату жүйесін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзір. Алдағы үш жылда осы жұмыстың аяқталуына 800 млн теңгеден астам қаражат қарастырылған.
– Құны 2,1 млрд теңге, ұзындығы 60 шақырымды құрайтын Қамыстыдан Алтынсаринге тартылып жатқан газ құбыры Бестөбе мен Адайды басып өтеді. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленген, сараптама өткізілді. Биыл облыстық бюджеттен 1 млрд, келер жылы 775 млн, 2022 жылы 300 млн теңге бөлу қарастырылған. Ал жергілікті бюджет есебінен Бестөбе мен Адаев ауылдарына газ тарату жүйесінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарланып отыр, – деді Ғ.Бекмұхамедов. 
Өткен жазда 30 шақырымнан асатын Арқа мен Ливанов ауылдарының арасына тас жол төселген болатын. «Қостанай жолдары» ЖШС мердігерлік еткен құрылыс жұмыстарына 1 млрд-қа жуық қаражат бөлінді. Және көліктік жаңғырту бойынша Фрунзе ауылына баратын 12 шақырым жолды жөндеуге республикалық, облыстық бюджеттен 380 млн теңге млн теңге бөлінсе, биыл оның 250 млн-ға жуығы, алдағы жылы 130,8 млн-ы игерілмек.
Биыл ауданда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы жүзеге асып, елді мекендердің әлеуметтік-инженерлік жаңғыртуына республикалық һәм облыстық қазынадан 175,1 млн теңге қарастырылып отыр. Талдыкөл мен Клочковқа кіретін жолдарды орташа жөндеуге сәйкесінше 974 млн және 272 млн теңгенің жобалық құжаты әзірленді. Биыл жол төсеуге қатысты 11, ал келер жылы 5 жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұдан бөлек, аудандық орталық аурухана мен Қамысты ауылының бірнеше көшесін қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі.
«Еңбек өндімділігін дамыту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы бойынша 37 адам, «Бастау-Бизнес» бағдарламасына 91 адам қысқа мерзімді оқу курстарына жіберілген. Бизнес жоба ұсынған 17 қатысушыға гранттар және 30 адамға шағын несие беріліпті.Участники отчётной встречи
Биыл Қамысты өңірінде «Тың-Целина 2020» облыстық спартакиадасы өтеді. Аталған шараға әзірлік өткен қазан айынан басталып кетті. Жоспар құрылған,  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша «Юность» стадионын жөндеуге 528,5 млн теңге бағытты трансферт қарастырылып отыр. Ал жалпы спартакиаданы өткізуге 113 млн теңге бөлінген.
Тұрғындарды мазалаған сауалдардың бір бөлігі – жол жөндеу мәселесі. Ауданда «Қамыстыдан 17-ші шақырым аралығы» деген ұғым бар. Яғни, бұл – аудан орталығынан республикалық маңызы бар Қостанай-Қарабұтақ тас жолына қосылатын аралық. Ол аумақ облыстық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының құзырында. Биыл бұл аралықты жөндеуге республикалық бюджеттен қаражат қарастырылып, мердігер анықталған. Ал Адаев-Орқаш-Аралкөл жолы да мәз емес. Аудан әкімі осы мәселені назарына алатынын мәлімдеді.
Алтынсарин» ЖШС директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Борис Князев жоғары жылдамдық талшықты-оптикалық сым тартып, сапалы интернет, байланыс жүйесін орнату мәселесіне бас назар аударды. Ал «Қайрат» ПКФ» ЖШС басшысы Төремұрат Өтепов жұмыссыз жүргендерді, әсіресе, жастарды еңбекке араласып, екі қолға бір күрек алуына кеңес берді.
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓