Би-ағаң туған жерінде
Дәл қазір «Қостанай таңы» газетінің негізін қалаушылардың бірі, қазақтың көрнекті жазушысы, жерлесіміз Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл толуына орай тағылымды басқосу өтіп жатыр.
Аталмыш жиын Би-ағаң туған жері Таран ауданы орталығында өтуде. Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының тікелей мұрындық болуымен өтіп жатқан көшпелі семинарға өңірдің әрбір ауданынан өкілдер қатысуда деп хабарлайды сол арада жүрген тілшіміз Нұрболат Мешітбаев.
Жиын аудан орталығындағы даңқты жазушының ескерткішіне тағзым етуден басталды. Қазір семинардың негізгі отырысы өтіп жатыр. Аталмыш игі басқосу туралы газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.
Мешіт Ғазиз