Шығармашылық үйі ашылды
Екі жыл бұрын жабылып қалған Қарабалық аудандық шығармашылық үйі өз жұмысын қайта жандандырды. Аудан әкімі Алмат Исмағұловтың мұрындық болуымен осы мақсатта аудандық бюджеттен 6,5 млн теңге бөлінді. Аталмыш қаржыға аудандық мәдениет үйінде орын тепкен шығармашылық орталыққа қажетті жиһаз сатып алынып, жұмыс кестесі мен педагогикалық штат бекітілді.

Қуаныш Есқабыл