Электрондық қызмет

Соңғы жылдары Қостанай облысында «Электрондық үкімет» порталын пайдаланушылардың саны артып келеді. Өткен жылдың өзінде порталдың көмегімен облыстық әкімдікке  1 537 456 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
egov-580x260www.egov.kz «Электрондық үкімет» порталы арқылы білім, әлеуметтік, сәулет және құрылыс, жер қатынастары, экология, мұрағат, ТКШ салалары бойынша ақпараттар алуға болады. Ол үшін ең алдымен электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) керек. Өткен жылы облыс бойынша 44 мың 485 ЭЦҚ берілген. Аталмыш порталдың өзге де қыр-сыры туралы облыстық әкімдікте өткен іс-шарада кеңірек айтылды. ХҚКО ҚОФ-ның мамандары порталдың қолданылуын мемлекеттік қызметшілерге түсіндірді.
-ЭЦҚ-бұл электрондық құжатқа заңды күш беру үшін пайдаланылатын өз қолыңызбен қойылатын қолдың аналогы. Оны алу үшін «Электрондық үкімет» порталында «ЭЦҚ» бөлімінде өтініш беру керек,-деді ХҚКО Қостанай облыстық филиалының инспекторы Рахат Салмағамбетова.
 
Қымбат Досжанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓