Марқұмға құрмет көрсетті
Өткен жылдың қарашасында қаза тапқан «Рудный су арнасы» ЖШС-нің ауысым бастығы Сергей Ковалевқа «Рудный қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Марапатты марқұмның әйеліне мәслихаттың кезекті отырысында қала әкімінің орынбасары Елена Скаредина табыстады. Естеріңізге сала кетсек, серіктестіктің білікті маманы Сергей Ковалев 4 метр тереңдікте платикалық құбырларды орнатып жатқан әріптесі электр-газ дәнекерлеушісі Валерий Васильевты құтқарамын деп өзі де құм астында қалып қойған болатын. Оқиға орнына жедел жеткен құтқару тобы өкінішке орай еш нәрсе істей алмады. Отыз бір жасар Сергей Ковалевтың соңында жесір әйелі мен 1 жасар ұлы қалды.
Қуаныш Есқабыл