Бір суреттің тарихы
Түсінген жанға суреттер де сөйлейді. Әр суреттің астында бір сыр бар десек әбестік болмас.
Мәселен мына суретке қараңыз. Оның тарихы былай болды. Материал жазу үшін қаладағы КЖБИ шағын ауданына бармаймыз ба. Кейіпкеріміздің үйіне жақындай бергенде суреттегі бір топ ит әлде күшік алдымыздан шыға келді. Қорыққаным сонша артқа қарай зуладым. Бір қарасам фототілші Айбек Жүзбай әлгі иттерді суретке түсіріп тұр. Тегін фотоға түсіп иттер де мәз, ол жерден аман өтіп біз де мәз болдық.
Айтпақшы, бұл иттер үйсіз, иесіз. Сүйек күтіп әркімнің есігіне бір телміреді. Өзгеге жалтақтаған хайуанның күні шынымен аянышты. Әй, бірақ мұндай тірлік адамдар арасына да жат емес-ау…
Қымбат Досжанова
Мына макала оте шагын жазылса да мазмунды болып турганы.Кокыс салатын темірді жагалай айналып,бірін-бірі куалап журген иттер бізде де жеткілікті.Екі кабатты уйлер Торгайда санаулы.Осынын бірінде турамын.Сактагайсын деп арасынан оте шыгатында болдык. Мектепте окитын баламыз алыстан орагытып уйге азер жетеді.Итте жеті казынанын бірі екенін білеміз.Бір кызыгы бул иттердін иелері бар.Тамактануга жіберіп коятын сиякты.Иелеріне ескертсеніздер деп селсоветке айткан болып едік,олар баска мекеменін телефон номеріне хабарласуды отінді,бұл мекемеміз тагы да баска тел.номерін берді.Менін созім "Макта кыз бен мысык" ертегісіне ұксап кетті ме калай? Мына макаланын такырыбын окып кай кезеннен сыр шерткелі тур екен деп ашкан болатынмын.
Қаңғыбас иттер, қаңғыбас адамдар. Ұқсас тағдыр.
Мақала шағын болғанмен, мағынасы ауқымды екен. Шынымен де, өмірде біраз нәрсе бір- біріне түрткі болып тұрады. Айтолқын Айқадамова апайымыз айтушы еді, "мақала керек болса айналаңа мұқият қара",- деп, сол сияқты елеусіз көрінген кішкентай нәрседен үлкен ой түйген Қымбаттың қырағылыына қол соғып қоюға рұқсат етіңіздер! )