Ақпараттық – насихат тобы Арқалықта болды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Нұрлы жол" – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауын ел арасында насихаттауға шыққан ақпараттық – насихат тобы Арқалық қаласында болды. Ақпараттық топты ҚР инвестициялар және даму вице – министрі А. Рау мен ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты А. Қожахметовтер бастап келді. Құрметті меймандармен бірге облыс әкімінің орынбасары С. Карплюк, қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов еріп жүрді.
DSCF7399 – Елбасы шебер ұйымдастырушы, көреген көшбасшы. Өмір атты ұлы мұхитта кемемізді тау – тасқа ұрындырмай, дамудың даңғыл жолымен аман – есен алып келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы биылғы Жолдауын ел назарына дер кезінде ұсынды. Елбасымыз әлемдік дағдарыс уақытында елді тығырыққа тіремей алып шығуды басты мақсат етіп отыр. Жолдауға сай елімізде зейнетақы, шәкіртақы сынды әлеуметтік төлемдер мөлшері жылма жыл ұлғая береді.
Жолдауда елімізде алдағы бесжылдықта тауар айналымын жақсарту үшін көлік дәліздерін дамыту кешенді жобаларының жүзеге асатыны айтылды. Жобаның игілігін Арқалық қаласы да көретін болады. "Астана – Қорғалжың – Арқалық – Ақтөбе" жолдарын салудың ауызға алынуы соның айғағы. Алдағы жылы "Ұлытау – Арқалық – Жарқайың" автомобиль жолының жобалық – сметалық құжаты қолға алынатын болады.
  Арқалық қаласының болашағы бар. Боксит кені сарқылғанымен отқа төзімді саз балшық, мұнай өндірісіне қажетті "пропант" өнімін өндіру сияқты балама жұмыс көздері қарастырылуда. Таяу жылдары теміржол – 450, "Құс фабрикасы" – 200 адамға жаңа жұмыс орнын ұсынбақ. Осылайша моноқалалар бағдарламасына енген қала ел дамуымен бірге қарыштап алға баса береді. Жылу қазандығын көмірге ауыстыру шарасы да күн тәртібінде тұр, – деді облыстық қазақ жасөспірімдер театрында өткен қала активінде вице – министр Альберт Рау. 
 Активте кәсіпкер Т. Соколова, ел ақсақалдары Ж. Өмірбек, О. Алмат, Қ. Жиенбаевтар сөз алып, қаланың дамуына үкімет тарапынан нақты көмектер жасалса деген өтініш – тілектерін жеткізді.
 Ақпараттық – насихаттық топ арнайы жұмыс сапарында "Торғай боксит кен басқармасы", "Алюминқұрылыс" ЖШС, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты сынды іргелі ұжымдарда да болып, Жолдау жолдарын насихаттады. "НұрОтан" партиясының қалалық филиалында кәсіпкерлерді жеке мәселелерімен қабылдады. Арқаның алай – түлей боранына қарамастан құс фабрикасына ат басын бұрып, өңірдегі ірі инвестициялық жобаның жүзеге асу барысын өз көздерімен көрді.
Суретте: Ақпараттық – насихат тобы
Суреттті түсірген автор.
                                                                   
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓